И.П.Шухов атындағы Преснов жалпы орта білім беру мектеп-гимназиясының сыныптан іс-шара бойынша ақпарат
2019 жылдың 23 қыркүйегінде «Тіл-достықтың алтын көпірі» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты балаларға ұлттардың арасындағы достықты көрсете білу. Мектепішілік сыныптан тыс іс-шараға 7,8 сынып оқушылары белсене қатысты. Мерекелік іс-шарада әр ұлт өкілдерінің биі, әні шырқалды. Балалар үштілді меңгеріп жатқандарын өлең шумақтары арқылы жеткізді. Қазақстанда әр ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүретіндіктерінің дәлелі ретінде бейнероликтер көрсетілді.