Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің хатының негізінде Мемлекет басшысы тағайындаған жастарға арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын алуға арналған республикалық конкурстың басталғаны туралы хабарлайды.
Ақпарат ретінде: Биыл республикалық деңгейде әрқайсысы 3 миллион теңгеден 30 грант бөлінеді. Грантқа Қазақстан Республикасының 14-35 жас аралығындағы азаматтары (35 жасқа толғандарды қоспағанда) «Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес», «Медиа» және «Волонтерлік» бағыттары бойынша өтінім бере алады.
Конкурстық өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 16 маусымнан 18 тамызға дейін жүзеге асырылады.
Конкурс туралы хабарландыру Министрліктің ресми сайтында келесі сілтеме бойынша орналастырылған: