«И.П.Шухов атындағы Преснов жалпы орта мектеп – гимназиясы» КММ-нің 1-сынып оқушыларын қабылдау туралы ақпарат
«И.П.Шухов атындағы Преснов жалпы орта білім беру мектеп-гимназиясы» КММ-не оқу жылының 1 қыркүйектен басталатынына қарамастан, бүгінгі күні ата - аналардан немесе балалардың заңды өкілдерінен бірінші сыныпқа өтініштерін қабылдау жұмыстары бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережелеріне сәйкес жүргізілуде. Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау, бұл дегенін ата-аналарға үйден шықпай-ақ өтініш беруге мүмкіндік берді, яғни мемлекеттік қызмет және mektep.snation.kz сайт арқылы жүзеге асырылады және соған орай қажетті құжаттар:
- ата-аналардан өтініш (немесе оларды ауыстыратын адамдардан);
- баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі
- денсаулық жағдайы туралы анықтама (медициналық паспорт);
- 3х4 өлшемдегі 2 фотосурет
Маусым айының соңында Қазақстан Республикасының Білім министрлігі короновирус пандемиясы бойынша карантин жағдайында ата-аналардан денсаулық жағдайы туралы анықтамаларды талап етпеу туралы шешім қабылдады, бұл дегенін ата-аналар үшін өтініш беруде қолайлы жағдай туғызды.
Бірінші сыныпқа балаларды қабылдау туралы өтініш беру үшін, алдымен мектеп әкімшілігі болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына электрондық тасымалдағыштар, мектеп фойесінде орналасқан ақпараттық қабырға, хабарландыру арқылы қабылдау ережелерімен таныстырды.
1 маусым және 21 шілде аралығында ата-аналардан бірінші сыныпқа 86 өтініш қабылданды. Барлық өтініш ата-аналарға mektep.station.kz. арқылы жіберілді, ал 4-уі eGov. kz порталы арқылы тіркелді. Өзге ата-аналар мектеп сайты арқылы өтініш беруді жөн көрді. Мектеп әкімшіліктері өтінішдерді қабылдау жұмыстарымен қатар, ата-аналарға қажетті құжаттарды түсіндірумен айналысты. Сканерленген құжаттарды жүктеу кезінде ата-аналардың біліксіздігі байқалды. Егер ата-аналар қажетті құжаттарды жүктеу мүмкіндігі болмаса немесе білмеген жағдай туындағанда, мектеп әкімшілігі өз тарапынан қажетті көмек көрсете білді. Өтініш берудің жалпы уақыты 3-5 минут аралығында жүзеге асырылып жатты.