И.П.Шухов атындағы Преснов орта жалпы орта білім беру мектеп-гимназиясында ұйымдастырылған мектеп түлектерінің кездесу кеші бойынша ақпарат
И.П.Шухов атындағы Преснов жалпы орта білім беру мектеп-гимназиясының қабырғасында ақпан айының бірінші сенбісінде жыл сайын мектеп түлектерінің кездесу кеші ұйымдастырылады. Осы оқу жылында бұл мектепішілік іс-шара 1 ақпан өтті. Мектеп қабырғасында 2010 жылы бітірген осы мектеп түлектері болып кетті, олардың бәрінің жиналған себептері – балалық шағына уақытша болса да қайта оралу, мектебіне деген сағыныш болғаны айдан анық. Олардың көптен бері бірі-бірімен көрісіп жатқандары да баршылық. Сонымен қатар, осы түлектеріміз үлкен өмір жолында өз орындарын таба алды ма деген сұрақ туындайды. Мектеп директорының оқу-тәрбие ісі бойынша орынбасары Т.В.Пилипенко түлектерімізді жылы тілегімен құшақ жая қарсы алды. Осы жалында да сағынышты кездесу кешіне жиналған қауымға өз атынан және мектеп ұжымы атынан ризашылығын білдірді. Қонақтарымызды 10-11 сынып оқушылары бимен қарсы алды. Қонақтарымыз оқушылардың сыйлаған ән-шашулары мен құрметтеріне риза болып отырды. Балалық шаққа қайта оралған сәттеріне, бала кездегі бақытты сәттерін еске алып, кешіміз өте көңілді өтті.