И.П.Шухов атындағы Преснов орта жалпы орта білім беру мектеп-гимназиясында «МЕН OFFLINE» ұйымдастыру бойынша ақпарат
26 қаңтар күні И.П.Шухов атындағы Преснов жалпы орта білім беру мектеп-гимназиясында «МЕН OFFLINE» атты республикалық ауқымды балалар акциясы ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның көздеп отырған мақсаты- интернетке байланысты іс-әрекеттердің алдын алу, интернет- қызмет түрін ересектердің жауапкершілікпен қарауларына, сонымен қатар интернетте отырудың өз әдептерін ұстануды қадағалауларын сұрайды және де кәмелет жасқа толмаған балалардың интернет аясында белсенді отыруларын өз жақтарынан қатаң бақылауға алу туралы сынып оқушыларымен әңгімелесулер жүргізілді. Осы іс-шараларға 1-11 сынып оқушылары қатысты:
- 1-4 сынып оқушыларпы арасында сурет салу сайысы өткізілді, 17 бала қатысты.
- 1-11 сыныптарда «Мен интернетсіз уақытымды қалай өткіземін?» атты сынып сағаты өтті, 427 оқушы қамтылды.
- Мектептің 2-ші қабатында үзіліс кезінде «Менің айналысатын ісім бар» атты бейнероликтер көрсетілді.
- Сонымен қатар ата-аналармен де «Сіз баламен интернетсіз қалай уақыт өткізесіз?» атты сауалнама жүргізілді, осы іс-шара барысында 102 ата-ана қатысты.