Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы сабақтары» тақырыбында өткізілген жалпыреспубликалық ашық сабақ бойынша ақпарат
2019 жылдың 1 желтоқсанында елімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні атап өтіледі. 2011 жылы Қазақстан Республикасының Парламенті Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке деп белгілеген Заң қабылдады. Бірыңғай сабақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге арналған және оқушылардың назарын Ұлт Көшбасшысының ерен еңбектеріне аударуға, жастардың бойында патриоттық және азаматтық жауапкершілік сезімін нығайтуға, сондай-ақ олардың бойында тұлғалық өсуіне қажетті дағдыларын, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталған. Осы тұжырымдаманың негізінде тарих мұғалімдері Илеусизова Б.К. және Дробот Л.Б. 10-11 сынып оқушыларымен «Басты - тарихи тұлға» атты ток-шоу өткізді. Жалпы республикалық бірыңғай ашық сабаққа мектеп директоры А.В.Непомнящий, аудандық мәслихатының депутаты О.В.Овчинникова және өзге де пән мұғалімдері қатысты. Сабақ барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев туралы қысқаша ақпарат берді. Ұлт Көшбасшысы туралы бейнематериалдарды көрсетті. Оқушыларды Ұлт Көшбасшысы, Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өмірінің қалыптасу кезеңдерімен таныстырумен қатар, оқушылардың ой-шеңберін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту көздеді, оқушылардың бойында патриоттық сезімді, ұлттық келісімді, белсенді азаматтық ұстанымды, көшбасшылық қасиеттерді, азаматтық сананы тәрбиелеу басты мақсатымыздың бірі болды. Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушылары мен 7-8 сынып оқушыларына арналған мектепішілік сыныптан тыс ауқымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Тұңғыш Елбасы мерекесі қарсаңында И.П.Шухов атындағы Преснов жалпы орта білім беру мектеп-гимназиясының 58 оқушымыз «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты түрде қабылданды. Осы «Елбасының алатын орны мен рөлі» тақырыбы төңірегінде 1-11 сынып оқушыларымен жалпымектепішілік бірыңғай сынып сағаты өткізілді.