И.П.Шухов атындағы Преснов орта жалпы орта білім беру мектеп-гимназиясында ұйымдастырылған Мұғалімдер күні мерекесіне арналған іс-шара бойынша ақпарат
1994 жылдан бері 5 қазан күні 100-ден астам мемлекетте Дүниежүзілік мұғалімдер күні атап өтіледі. Бұл барлық мұғалімдердің, оқытушылар мен білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Бұл күні барлық ұстаздар қауымының білім беру саласындағы ерең еңбегі мен қоғам дамуына қосқан үлесі аталып өтіледі.
Біздің мектепте осындай айрықша мерекені ерекше атап өтуге тырысты. Сынып жетекшісі Е.В.Сукманова өз сыныбы 9 а оқушыларымен ұстаздар қауымына арналған мектепішілік линейка өткізді. Талмас еңбек жолында жүрген ұстаздарға алғыс сөздерін білдірді. Мектебіміздің ұстаздарына арналған ұлағатты ұзтаздар туралы бейнекөрініс өз орнын таба білді. Сонымен мектептің бастауыш буын оқушылары да қалыс қалмай, өз ұстаздарына тілек білдіру үшін шағын мерекелік іс шараны Н.В.Мыльникова ұйымдастырды. Мереке қарсаныңда кәсіподақ төрайымы Н.П.Грицаеваның ұйымдастыруымен ұстаздар қауымына гүл шоқтарын сыйға тартты.
Ұстаздар мерекесінде мектеп түлектері, яғни 11-сынып оқушылары сынып жетекшісі М.Т.Курлеутованың жетекшілігімен мерекелік концерт берді. Салтанатты шараға мектеп директоры А.В.Непомнящий, құрметті қонақтар, педагогикалық қызмет ардагерлері және ұстаздар қауымы қатысты. Мерекелік іс-шараға педагогикалық еңбек ардагерлерінен басқа ұстаз жолын енді ғана бастап келе жатқан жас мамандарда қатысты. Мектеп қабырғасынан талай түлектерді шығарған еңбек ардагерлерін мектеп ұжымы үлкен ризалықпен қарсы алды. Шара барысында өз мамандығының шебері мақтау грамоталарымен марапатталды. Мектеп басшысы өз мұғалімдерін мерекелерімен құттықтады. Мұғалімдер күні мерекесі қарсаңында «Өз мұғаліміңді құттықта!» атты бірыңғай акцияға белсене қатысты. Мерекелік шараға қатысушы ұстаздар әрбір мұғалім мемлекеттің қамқорлығы мен қолдауын әрдайым сезінетіндігін, ел ертеңі болып табылатын жасөспірімдердің бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиетті терең сіңіртіп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруға бар күш - жігері мен білім-біліктерін жұмсайтындықтарын айтты.