И.П.Шухов атындағы Преснов жалпы орта білім беру мектеп-гимназиясында жалпыұлттық ата-аналар жиналысының өткені туралы ақпарат
2019 жылдың 15 мамыр күні сағат 18.30-да И.П.Шухов атындағы Преснов жалпы орта білім беру мектеп-гимназиясында Халықаралық отбасы күніне арналған «Отбасы тәрбиесі - өскелең ұрпақтың азаматтылығын тәрбиелеудін негізі» атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар жиналысының мақсаты – отбасылық тәрбие мәселелерін талқылауға ата-аналарды қатыстыру, олардың жауапкершілігін және балаларды тәрбиелеудегі рөлін арттыру. Жалпыұлттық ата-аналар жиналысының күн тәртібіне: оқу жылының қорытындылары, оқушылардың білім сапасы; өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының рөлі; ата-аналар мен мектептің өзара іс-қимылын күшейтудегі отбасылық құндылықтар; 9-шы, 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау; ата-аналардың мектептің қоғамдық өміріне қатысуы (әкелер клубы, қариялар кеңесі және т.б.)сұрақтары енгізілді. Жиналыс барысында Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім беру Басқармасымен жіберілген «2016-2018 жылғы Қазақстан Республикасындағы білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру», «Абай бол! Терезе ..», «Баланы интернеттен қорғау» бейнематериалдары қолданылды. Ата-аналар тарапынан мектепті жөндеу және мектептің ленолуимін ауыстыру бойынша сұрақтар қойылды. Жиналысқа жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты – Овчинникова О.В. (аудандық маслихат депутаты), Старкова Марина Владимировна, Коробова Алена Валерьевна және «Ауыл арайы» газетінің тілшісі Макушева Сайран Бейбітшіліковна. Сонымен бірге Жамбыл ауданының төтенше жағдайлар бастығы Смаилов Сеилбек Каирбекович ата-аналармен суға түсу кезіндегі ҚТ бойынша нұсқаулық өткізді.