И.П.Шухов атындағы Преснов ЖОББ мектеп-гимназиясында өткізілген Чернобыль қайғысына орай ұйымдастырылған іс-шара бойынша Ақпарат
Биыл Чернобыль атом электростанциясындағы ядролық апаттың орын алғанына 33 жыл толып отыр. Осыған орай И.П.Шухов атындағы Преснов жалпы орта білім беру мектеп-гимназиясында мектеп оқушылары ядролық апаттың зардабын жоюға қатысқан Пресновтың Чернобыль апатын жоюға қатысқан адамдармен кездесу ұйымдастырды. Мектеп оқушыларының Чернобыль апатын жоюға қатысқан адамдармен кездесу кеші 1986 жылғы 26 сәуірде адамзат тарихында қорқынышты апат болғандығы жайлы әңгімелер тыңдап, осы жан түршігерлік оқиға жайлы фильмдер көрумен ұласты. Дүниежүзіндегі атом энергетикасы тарихындағы ең ірі жарылыстың зардабын жоюға 800 мыңдай адам қатысса, оның 32 мыңы қазақстандық еді. Преснов селосының тарихы музейі ұйымдастырған мына фотоэкспозициядағы суреттер 20-шы ғасырдағы ең ірі техногендік радиациялық апаттан сыр шертеді. Айта кету керек, Чернобыльдегі радиактивті түтін 10-нан аса мемлекеттің 200 мың шаршы жерін ластады, кем дегенде 5 миллион адам оның зардабын шекті. Жарылыс сол аумаққа бір мезгілде 100 атом бомбасы тасталғандай зардап тигізді. Бұл күн – 33 жыл өткеннен кейінде, біздің адам өмірінің ықтимал зардаптары, өмірін қауіп-қатерге тіккен, әлемді радиоактивті апаттан құтқарған адамдардың тағдыры туралы ой салды. Апаттың алдын алу үшін батыл да жауапты, ел мен халқына адал, адамгершілік танытқан сол ағалармыздың ерлігі жайлы өскелең ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз болып табылады.