И.П.Шухов атындағы Преснов ЖОББ мектеп-гимназиясының «Тірі табиғат» атты экологтар мен өлкетанушылардың облыстық форумына қатысу бойынша ақпарат
И.П.Шухов атындағы Преснов орта жалпы білім беру мектеп-гимназиясының оқушылары 1 наурыз күні «Тірі табиғат» атты экологтар мен өлкетанушылардың облыстық форумына қатысты. Өткізіліп жатқан іс-шараның негізгі мақсаты өлкемізді танып білумен қатар, қоршаған ортаға деген қамқорлығын арттыру болып табылса, соынмен қатар тірі табиғатымызға деген өз тарабынан үлес қосу мақсаты негіз болып табылады. Біздің мектебіміздің атынан география пәні мұғалімі Валентина Ивановна Шцулпинаның жетекшілігімен 9а, 9б және 10а сынып оқушылары «Жасыл бағдар» атты команда құрылып, мектептің намысын қорғау мақсатында осы форумға қатысып, жалпы командалар ішінен 2 орын алып, топ жарып шықты.