И.П.Шухов атындағы Преснов ЖОББ мектеп-гимназиясының Ризашылық күніне арналған іс-шаралар бойынша ақпарат
Биыл елімізде достығымызды, татулығымызды және бірлігімізді нығайта түсетін, жүректерге жылулық, мейірбандылық сыйлайтын “Алғыс айту” күні аталып өтілді. Елбасының жарлығымен 1 наурыз - Алғыс айту мерекесі болып жарияланған болатын. Осы орайда мектепішілшік жоспар құрылып, 5-7, 8-11 сынып қушыларының ұйымшылдық жұмыс жасауыныңы арқасында сыныптан тыс кеш ойдағыдай өтті. Атап айтқанда, оқушылар қонақ ретінде әже-аталарды шақырып, түрлі ұлт өкілдерінің тілдерінде қазақ халқына алғыс білдіріп, сәлем жолдады. Әрине, бұл татулықты, достықты және де бірлікті меңзейді. Осы мереке қарсаңында «Мен сіздерге ризамын» атты акция жүргізіліп, мектеп оқушылары жалғыз отырған ата-әжелерге көмек беру мақсатында түгел сынып болып, сол кісілерге қолғабыс жасады. Яғни, қар тазалап, суларын тасып беру деген сияқты өз тараптарынан үлкен көмектерін аямады. Мұндай мерекелердің болуы өскелең ұрпаққа тәрбие жағынан берері мол екені айдан анық.