«Туған жер» бағдарламасы аясында С.Мұқанов пен Ғ.Мүсреповтың мұражайларына И.П.Шухов атындағы Преснов ЖОББМГ саяхат жасау бойынша ақпараты
«Рухани жаңғыру»жоспарына сәйкес «Туған жер» жобасы аясында И.П.Шухов атындағы Преснов жалпы орта білім беру мектеп-гимназиясының 8 «А» сынып жетекшісі А.И. Моисиенконың ұйымдастыруымен оқушылары жерлес жазушыларымыздың туған жерін аралап, Ғ.Мүсрепов пен С.Мұқановтың мұражайына барып қайтты.
С.Мұқановтың Жамбыл ауданындағы Сәбит ауылында орналасқан және жерлес жазушымыздың ата-бабаларының туып өскен, кіндік қаны тамған жеріндегі мұражайына саяхат жасадық. С.Мұқановтың мұражайында Сәбит атамыздың демалатын бөлмесіндегі күні бүгінге дейін сақталған жеке заттарын көріп оқушылар таң қалды.
Мұражайдың ішіндегі әр бөлменің өзіндік ерекшелігі бар екен және әр жылдың құнды заттарымен орналастырылған. Сонымен қатар, мұражайдың ішінде сол кезде қолданыста болып, күні бүгінге дейін сақталған шаруашылық заттары да көзге түсті.Ғ.Мүсірепов мұжайына саяхат барысында жерлес жазушының ата-бабалар шежіресімен танысудан басталды.
Ғ.Мүсіреповтың мұражайын аралау барысында аудан кітапханашысы жерлес жазушының жеке заттарын, құнды заттарының ішінде оның алғашқы кітаптарын, қолжазбаларын көрсетті.
Оқушылар осы саяхат барысында жол бойындағы созылып жатқан қазақтың дархан даласының сұлулығын тамашалап, ауылдың кең жайдары көшелерінде асыр салып, таза ауамен демалып қайтты. Біздің қазақтың дархан, кең даласына не жетсін!